Айбек Оралбай өзінің боксындағы осал тұстары туралы ашық айтты

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай Sport+ телеарнасына берген сұхбатында Олимпиададағы жеңілістен кейін қиналғаны туралы және қандай боксшыларға қарсы өнер көрсету қиын екенін айтты.
«Олимпиадада жеңілген кезімде, ұйықтап кеткенде, түсімде сол Әзірбайжан атынан шыққан кубалық Альфонсомен бокстасып кете беремін. Сол үшін 2-3 күн дұрыс ұйықтай алмадым. Көзімді жұмсам болды, неге басқаша өнер көрсетпедім деген ойға батып кете беремін. Қиын болды. Негізі мен қашып жүріп бокстасатын қарсыластарымнан ұтылып қалатынымды байқадым. Мысалы, Әлем чемпионатында италиялық боксшыдан ұтылдым. Ол да осындай стильде өнер көрсетеді. Маған мені ұратын боксшылар ұнайды, себебі менде қарымта шабуыл жасауға мүмкіндік болады. Қазір жаттығуларда қашатын боксшыларға қарсы қалай әрекет ету керек екенін үйреніп жатырмын», - деді Айбек Оралбай.
Sport+ телеарнасындағы Айбек Оралбаймен «Бірге-бір» бағдарламасының толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.