Айбек Оралбай: Інім Нұрбекке қарсы шықпас үшін салмақ көтеруге тура келді

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай Sport+ телеарнасына берген сұхбатында інісі Нұрбек арасындағы салмақ айырмашылығын жасауға қалай келгендері туралы айтты.
«Нұрбек екеуміздің салмағымыз кішкентай кезімізде бірдей болған. Ол 58 келіде, мен 60 келіде өнер көрсетіп жүргенбіз. Асқар ағайымыз (Асқар Еркебаев — ағайынды Оралбайлардың бапкері — Sport+) екі-үш жыл алға ойлайтын маман, сол себепті ол „екеуіңнің салмақтағы айырмашылықтарың екі келі болып жүре берсеңдер, болашақта бір-біріңе қарсы шығып қаласыңдар“ деді. „Біреуің салмақты түсіресіңдер, біреуін 10 келіге көтересіңдер“ деді сол кезде бапкер. Салмақты мен көтеретін болып шешілді. Сол кезде маған салмақ жинау қиын болатын еді. Күнде тамақ ішемін, содан кейін дәрумендер ішемін, салмақ көтерілмеді. Осылай біреулер салмақ қуып қиналса, мен салмақ көтеріп қиналдым. Нұрбек 80 келіге дейін көтерді, ал мен біраз жыл бойы 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп жүрдім», — деді Айбек Оралбай.
Sport+ телеарнасындағы Айбек Оралбаймен «Бірге-бір» бағдарламасының толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.