Айбек Оралбай бокстан Ұлыбританиядағы әлем чемпионатын сәтті аяқтады (видео)

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Былғары қолғап шебері 90 келіден жоғары салмақтың финалына дейін жетті.
Айбек Оралбай ақтық сында өзбекстандық Жахонгир Зокировпен қолғап түйістірді.
Бірінші және екінші раундта өзбек боксшысы басым түсті. Дегенмен Айбек Оралбай соңғы үшінші кезеңде қайсарлық танытып, жеңісті суырып алды.
Осылайша, Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) әлем біріншілігін алтын медальмен аяқтады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеті алтын медальмен аяқтады. Бірінші орын иеленгендер: Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін).
Назым Қызайбай (48 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Виктория Графеева (60 келіге дейін) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдемен ерекшеленді.