Аяна Болатбекқызы жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында алтыншы орын алды

Аяна Болатбекқызы жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында алтыншы орын алды

Қазақстандық жеңіл атлет Аяна Болатбекқызы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 800 метрге жүгіру сайысында ел намысын қорғады. 

Аяна ақтық сында 2:11.35 уақыт көрсеткішімен алтыншы орынға табан тіреді.

Алтын медальді өзбекстандық Джонбиби Хукмова жеңіп алды — 2:08.41. Екінші орынға Куруми Сугурэ (Жапония) ие болды — 2:09.42. Үндістандық Бхумешвори Деви Хуйдром үздік үштікті түйіндеді — 2:10.20.



Күн шежіресі