Ағайынды Төлтаевтар Sport+ эфирінде идеал боксшыны сипаттады

Sport+ телеарнасындағы «Спорт Сыры» бағдарламасына ағайынды Санатәлі және Саматәлі Төлтаевтар арнайы қонақ болды.
Бағдарлама барысында жас боксшылар өз көзқарастарымен бөлісіп, әр түрлі ринг шеберлерінің мықты қырларын біріктіріп, «идеал боксшының» бейнесін жасады.
«Сол қолдың жойқын соққысын Канелодан, ал оң қолдың қуатын Геннадий Головкиннен атауға болады. Бокс IQ жағынан Андре Уорд алда тұрса, физикалық тұрғыдан Артур Бетербиев — ең мықты. Аяқ жұмысы бойынша Александр Усик үздік деп ойлаймыз. Ал медиа танымалдығы жағынан Джервонта Дэвис пен Райан Гарсия атауға болады»
«Спорт Сыры» бағдарламасының толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.