logo

Әділет Барменқұлов: Бір аптада «Астана Аренаға» оралу туралы нақты ақпарат белгілі болады

Әділет Барменқұлов: Бір аптада «Астана Аренаға» оралу туралы нақты ақпарат белгілі болады

ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов Алматының «Орталық» стадионына қатысты шешімдерді және «Астана Арена» мәселесін айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

 «Алматыдағы «Орталық» стадион бойынша шешім әлі жоқ. Комиссия нысанды тексерді, 2-3 аптадан кейін нәтижесі белгілі болады. Сонымен қатар, «Астана Аренада» Көшпенділер Ойыны өте ме осыған қатысты шешімді де күтіп отырмыз. Осы аптада нақты белгілі болады деген үміттемін. «Астана Аренаға» жаңа алаңды өз қаражатымызға төсеп беруге дайынбыз, — деді Барменқұлов.