Әділ Боранбаев RCC лигасының тарихи турнирінде жекпе-жек өткізеді

Ресейлік RCC лигасы тарихында алғаш рет 12 000 көрерменді сыйдыра алатын аренада турнир өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
31 мамыр күні Екатеринбургтегі УГМК аренасында ұйымның турнирі өтеді. Жекпе-жек кешінде Ресейдің ең жарқын проспектілерінің бірі Темірхан «Танк» Темірханов (12-1) пен қазақстандық Әділ Боранбаев (23-11-1) кездеспек.