Аделина Земс Азия рейтингінде төртінші орынға көтерілді

Аделина Земс Азия рейтингінде төртінші орынға көтерілді

Гұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир Аделина Земс үшін сәтті аяқталды, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстандық жеңіл атлет 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде жеңіске жетіп қана қоймай, өзінің жеке рекордын жаңартты.

Аделина жарыс қашықтығын 55,69 секундта бағындырып, бұған дейінгі жеке көрсеткішін жақсартты. Осы нәтижесінің арқасында ол Азияның биылғы маусымдағы рейтингінде төртінші орынға көтерілді.

Қазіргі таңда қазақстандық спортшыдан жоғары тек Қытай өкілдері Мо Цзяди мен Коң Конг, сондай-ақ тағы бір азиялық жеңіл атлет қана орналасқан.



Күн шежіресі