logo

Абзал Ажғалиев Қазақстан чемпионатында топ жарды

Абзал Ажғалиев Қазақстан чемпионатында топ жарды

Бүгін Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионатының соңғы күні өтті. Спортшылар 500 метрлік қашықтықта өзара бақ сынады.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Малика Ермек мәреге бірінші болып жетті. Күміс жүлдені Зейнеп Құмарқан иеленсе, үздік үштікті Алина Ажғалиева түйіндеді.

Ерлер сынында тәжірибелі спортшы Абзал Ажғалиев жеңімпаз атанды. Екінші орын Мерсаид Жақсыбаевқа бұйырса, қола жүлдені Глеб Ивченко қанжығалады.

Астанада 11-14 қыркүйек аралығында өткен бұл жарыс алдағы халықаралық бәсекелерге қатысатын құрама команда сапын жасақтау үшін маңызды кезең болды.