Абылайхан Жүсіпов жаңа жобаға қатыспақ
Халықаралық бокс федерациясы мен Қытай инвесторлары бірлесе жаңа жоба - IBA Kunlun Fight World Cup жарысын ұйымдастырмақ. Турнирге әр салмақ дәрежесінде ең мықты 8 былғары қолғап шебері қатысады. Боксшылар $2 млн жүлде қорын сарапқа салады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan «Дядя Ваня» арнасынан сілтеме жасай отырып.
Жаңа жарыс 16 қараша 2024 жыл Бейжіңді бастау алады. Бірінші болып шаршы алаңға 63,5 келі және 71 келі салмақ дәрежелерінің өкілдері шығады.
Турнирге қатысатынын 7 елден жетістікке жеткен 10 боксшы растаған. Олардың ішінде әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері Абылайхан Жүсіпов те бар.
Абылайханнан бөлек екі дүркін Азия чемпионы Саиджамшид Джафаров, екі дүркін Олимпиада чемпионы Ронель Иглесиас, IBA нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы белдігінің иегері Павел Сосулин және тағы басқалары аталмыш турнирге қатысуға ниетті.