Абат Айымбетовтың клубы бас бапкерсіз қалды
«Адана Демирспор» клубы бас бапкер Мустафа Дальчимен қош айтысты, деп хабарлайды Sport+.
Клубтың Instagram-дағы ресми парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Абат Айымбетовтың командасы 51 жастағы маманмен өзара келісім бойынша келісімшартты бұзды.
Айта кетейік, Мустафа Дальчи «Адана Демирспор» клубын 2024 жылдың 29 қарашасында басқарған болатын. Осы уақыт аралығында команда 10 матч өткізіп, үш рет жеңіске жетіп, жеті рет жеңіліске ұшырады.
Қазіргі уақытта «Адана Демирспор» Түркия Суперлигасының турнирлік кестесінде 20 турдан кейін небәрі бес ұпай жинап, соңғы орында тұр.