logo

38 қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

38 қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Астанада өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында финалистер толық анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Жастар арасында алты қазақстандық боксшы финалға шықты. Олардың арасында Төрехан Сабырхан өз мансабындағы төртінші Азия чемпионы титулына келе жатыр. Қыздар арасында 12 салмақ дәрежесінің тоғызында ақтық сында отандық спортшылар бар.

Ал, 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында ерлер командасы толық құрамда финалға өтті: 13 адам. Әйелдер арасындағы бәсекеде 10 қазақстандық былғары қолғап шебері құрлықтық біріншіліктің алтын жүлдесіне таласады.

Жастар арасындағы финал 6 мамырға, ал U22 санатындағы ақтық сын 7 мамырға жоспарланған.



Күн шежіресі