2025 жылғы футзалдан Чемпиондар лигасының финалы өтетін орны анықталды

УЕФА Атқару комитетінің шешімі бойынша, 2025 жылғы футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық турнирі 2-4 мамыр аралығында Францияның Ле-Ман қаласындағы «Антарес» аренасында өтеді, деп хабарлайды Sport+ UEFA.com сайтына сілтеме жасап.
Турнирге қазіргі чемпион «Пальма», екі дүркін жеңімпаздар «Спортинг» пен «Қайрат», сондай-ақ дебютант «Картахена» қатысады. Алғашқы финалдық турнирдің ресми иесі «Этуаль» клубы болады. Жеребе тарту рәсімінің уақыты мен орны кейінірек жарияланады.
1995 жылы ашылған, 5785 көрерменге арналған «Антарес» аренасы футзалдан Францияда өтетін алғашқы Чемпиондар лигасының финалдық кезеңін қабылдайды.