17 жасқа дейінгі балуандар Азия чемпионатының командалық есебінде үшінші орын иеленді
Грек-рим күресінен U17 Қазақстан командасы Азия чемпионатында бес медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Амман, Иорданияда өткен біріншілікте отандық «классиктер» арасында бір Азия чемпионы шықты. 60 келі салмақ дәрежесінде Досбол Шәміл Қытай, Жапония, Үндістан және Өзбекстан спортшыларын жеңіп, үздік атанды.
Қос күміс жүлдегер: Еркебұлан Анапия (80 келі) және Әділет Тойшы (92 келі). Екі балуан да финалда ирандық қарсыластарға есе жіберген.
Қола медаль Нұрдәулет Құмарұлы (45 келі), Едіге Төлеутаев (51 келі) және Данияр Қанағатбектің (65 келі) еншісінде.
Нәтижесінде, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Алмат Кебіспаев бастаған Қазақстан командасы үздіктер үштігін түйіндеді.