15-жасар қазақстандық спортшы гроссмейстер нормасын орындады
15 жастағы шахматшы Сауат Нұрғалиев Мәскеуде өткен беделді Aeroflot Open турнирінде 2-орынды бөлісіп, гроссмейстер нормасын орындады, деп хабарлайды Sport+.
Сауат 2705 рейтингтік көрсеткішпен тамаша нәтиже көрсетті. 8 гроссмейстермен өткен тартысты бәсекеде бірде-бір партияда жеңілмей, әрқайсысына қарсы ойында ұпай жинай алды.