11 алтын аламыз ба? 14 қарашада Исламиадада қазақстандықтар қандай спорт түрлерінде өнер көрсетеді
14 қарашада Ислам ынтымақтастығы ойындарында дуатлон және муай-тай спортының 2 түрі бойынша медальдар сарапқа салынады, деп хабарлайды Sport+.
Дуатлонда Қазақстан өкілдері жоқ, ал муай-тайда 60 кг дейінгі салмақта қазақстандық спортшы Тұрар Дүйсехан алтын үшін ирактық Аяд Арадпен жұдырықтасады.